×

«Жетісу» волейбол клубы алғаш рет Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Бұрынғы жылдары Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.

«Жетісу» волейбол клубы алғаш рет Азия чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды

Филиппинде волейболдан әйелдер командалары арасында Азия чемпиондар лигасының ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz

Финалда Қазақстан чемпионы, кубок пен суперкубок иегері «Жетісу» (Талдықорған) мен «VTV Bình Điền Long An» (Вьетнам) командалары кездесті. Ойын төрт партияға созылды. Вьетнам клубы тек екінші кезеңде ғана басымдыққа ие болды. Қорытынды есеп – 25:14, 20:25, 25:23, 25:18.

Айта кетейік, бұған дейін «Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының финалында екі рет (2010, 2013 жылдары) ойнап, екі мәрте күміс жүлде алған болатын. 

Бұрынғы жылдары Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.

Енді талдықорғандықтар өз тарихында алғаш рет қыркүйекте Таиландта өтетін клубтық әлем чемпионатына қатысады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жасанды интеллект пе әлде тоғызқұмалақ чемпиондары ма: Кім мықты?
07.08.2025ж. 20:00

Жасанды интеллект пе әлде тоғызқұмалақ чемпиондары ма: Кім мықты?

Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →