×

Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті

Ауқымды шараға 200-ден астам адам қатысты

Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті
Ұлытау облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамырда Ұлытау облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған республикалық «Бірлік жүгірісі–2025» марафоны өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«30 жыл бірлік – 30 жыл Ассамблея» ұранымен ұйымдастырылған ауқымды шараға 200-ден астам адам қатысты. Жүгіру Алашахан даңғылының бойымен өтті. Шараға әртүрлі жастағы және ұлт өкілдері, соның ішінде кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар қатысты.

Бүгін ұлытаулықтармен бірге еліміздің 20 өңірінде де марафон қатар өтті. Бұл ауқымды спорттық бастаманың басты мақсаты – ұлттар достастығын, ел бірлігін және салауатты өмір салтын дәріптеу.

“Спорт – біріктіруші күш. Бүгін мен түрлі ұлт пен жастағы адамдармен бірге жүгірдім. Бұл – еліміздегі шынайы достық пен татулықтың белгісі”, – деп бөлісті марафонға қатысушының бірі.

Жүгіру бірнеше қашықтық бойынша ұйымдастырылды. Ең кішкентай қатысушылар мен ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін 1 шақырымдық балалар және инклюзивті жарыс өтті. Ал тәжірибелі спортшылар 10 км аралығындағы трассада өз күшін сынады.

Шара соңында марафонға қатысқандар арасында жүлделер ұтысы ұйымдастырылды.

Жүгіру марафоны – Бірлік күніне арналған кең көлемдегі іс-шаралардың бір бөлігі ғана. Ұлытау облысының барлық өңірінде бұл күні концерттер, спорттық жарыстар, көрмелер және мәдени бағдарламалар өтуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Германияның Галле қаласында өтіп жатқан ATP-500 турнирінде өнер көрсетіп жатыр
Бүгін Президент Астанадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде жас спортшылармен кездескен
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →