×

"Бірлік жүгірісі – 2025" қостанайлықтар мен облыс тұрғындарын біріктірді

Жарысқа мыңдаған тұрғын қатысты

"Бірлік жүгірісі – 2025" қостанайлықтар мен облыс тұрғындарын біріктірді
Фото: Бағдад Ахметбеков

Бүгін, 1 мамыр күні, Қостанай қаласында республикалық «Бірлік жүгірісі – 2025» жүгірісі  өтті. Бұл жарысқа мыңдаған қатысушы – этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, оқушылар, студенттер, Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ курсанттары,спортшылар, ардагерлер мен облыс тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Гашек көшесінде таңертеңгілік тіркеу мен салтанатты ашылу рәсімімен басталды. Мемлекеттік Гимн орындалып, Қостанай облысы әкімдігі қоғамдық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Қарымсақова қатысушыларға құттықтау сөзін арнады:

“Бұл  жүгіріс – жай ғана спорттық шара емес. Бүгін біз бір командадай, бір халықтай, бейбітшілік, келісім мен өзара құрмет жолымен бірге жүгіріп келеміз. Бұл, әсіресе, біздің Қостанай облысында ерекше маңызға ие, өйткені мұнда 50-ден астам этнос өкілдері татулық пен достықта өмір сүруде. Осы – біздің өңірдің күші, халқымыздың қуаты! Ассамблея үш онжылдық бойы бірлік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосып келеді, ал бүгінгі жүгіру – соның жарқын дәлелі. Мұнда түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, жастар, спортшылар мен қала тұрғындары жиналды – баршамызды біріктіретін ортақ сезім: Отанға деген махаббат, бір-бірімізге деген құрмет пен бірлікке деген ұмтылыс”.

Құттықтауға ҚХА ардагері Калқаман Жақып қосылды, ал жеңіл атлетикадан төреші, қосымша білім беру педагогы Құрманай Исергепов бағдарлама туралы толық ақпарат берді.

Жүгіру бірнеше қашықтықты қамтыды: инклюзивті спортшылар үшін 0,5 км, әр жастағы балалар үшін 1,1 км және 16 жастан асқандар үшін 8 км. Әрбір стартты жанкүйерлердің қошеметі мен қала тұрғындарының қызу қолдауы сүйемелдеді.

Айта кетейік, «Бірлік жүгірісі» тек облыс орталығында ғана емес, сондай-ақ өңірдің қалалары мен аудандарында да өтті. Әрбір елді мекенде тұрғындар қашықтыққа шығып, өздерінің ынтымақтастығын білдіріп, салауатты өмір салтын қолдап, қазақстандық қоғамның ауызбіршілігін көрсетті. Кең көлемде ұйымдастырылған бұл шара шын мәнінде өңірлік спорт мерекесіне айналды.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар бірлікті нығайтып, жаңа жетістіктерге шабыт беретінін және өңір үшін игі дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Оның қарсыласы ATP рейтингінде өзінен 68 саты жоғары тұрған
Бұрынғы жылдары Қазақстаннан «Рахат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) және «Қуаныш» (СҚО) командалары топ жарған еді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →