×

Түркістан облысында өткен «Бірлік жарысы» жүгіру додасына 6 мыңнан аса адам қатысты

Қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді

Түркістан облысында өткен «Бірлік жарысы» жүгіру додасына 6 мыңнан аса адам қатысты
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Түркістанда «Бірлік жарысы» өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыс орталығында өткен сайысқа Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, қала тұрғындары, этнос өкілдері жалпы 2000-нан астам әуесқой спортшы қатысып, бақтарын сынады. Жарыс «Денсаулық» саябағынан басталып, «Достық» үйіне дейін жалғасып, жалпы қатысушылар 6,2 шақырым қашықтықта жүгірді.

Бүгінгі жарыс облыстың барлық өңірлерінде бір мезгілде өтіп, жалпы 17 аудан-қаладан 6 мыңнан астам адам қамтылды.

Бұл шараның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан түрлі этнос өкілдерінің бірлігін, достығы мен татулығын нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа қатысушылар бірнеше санат бойынша іріктеліп, жас ерекшеліктеріне қарай ерлер мен қыздар арасында бақ сынасты. Атап айтқанда, 18 бен 29, 30 бен 39, 40 пен 49 жас аралығы сонымен қатар 50 мен одан жоғары жастағылар болып бөлінген.

Салтанатты іс-шараның соңында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жеңімпаздарға арнайы диплом мен медаль табыс етті.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Рафаэль Уразбахтин: Халықтың сенімін ақтауға тырысамыз
25.09.2025ж. 16:02

Рафаэль Уразбахтин: Халықтың сенімін ақтауға тырысамыз

Бапкердің айтуынша, жанкүйерлер ғана емес, өздерін бүкіл ел қолдайтынын команда біледі.
Спортшыға Қызылорда қаласынан пәтер кілтін табыстады
Министрлік өкілдері бағаны реттеу өз құзырларына кірмейтінін атап өтті.
Шетелдік спортшылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен    

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →