×

Қазақстандық 16 жастағы зілтемірші әлем чемпионы атанды

Әлем біріншілігі Перуде өтіп жатыр. 

Қазақстандық 16 жастағы зілтемірші әлем чемпионы атанды
IWF

Ауыр атлетикадан Перу астанасы Лимада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт жеңімпаз атанды, деп хабарлайды qaz365.kz.

Спортшы 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды.

Қоссайыстың жалпы есебінде қазақстандық зілтемірші 262 келіні (117+145) көтерді.

Күміс жүлде түркиялық спортшы Рамазан Йылмазға бұйырды — 261 келі (108+153). Ал үздік үштікті ресейлік Абубакар Цакаев қорытындылады — 252 келі (113+139).

Айта кетейік, Ерсейіт өз санатында алғашқы бестікке енген ең жас қатысушы болды. Түркиялық және ресейлік спортшылар 2008 жылы туған болса, қазақстандық Ерсейіт 2009 жылдың 26 ақпанында дүниеге келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →