×

Грунттағы бірінші титулы: Александр Бублик Италиядағы турнирде чемпион атанды

Бұл оның үлкен турнирдегі 4-чемпиондық атағы

Грунттағы бірінші титулы: Александр Бублик Италиядағы турнирде чемпион атанды
Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.

“Қазақстандық теннисші финалдық бәсекеде қытайлық Юньчаокетені 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Бұл Александр Бублик үшін ATP Challenger санатындағы жеке разрядтағы жетінші титулы, әрі грунттағы бірінші титулы”, – делінген федерация ақпаратында.

Сондай-ақ, оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Сонымен бірге, құрама сапындағы физиотерапевттер, аудармашылар және медиа бөлімінің қызметкерлері де мемлекеттік марапаттарға ие болған
2014 жылы дебюттік ойынын өткізіп, содан бері 63 матчта 3 гол соққан

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →