×

Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қоштасты

Қарсыластың төрт голына құрамамыз бір голмен ғана жауап берді.

Хоккей: Қазақстан құрамасы элиталық дивизионмен қоштасты
ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы матчында да жеңіліс тапты, деп хабарлайды qaz365.kz.

Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы Швейцарияға есе жіберді.

Қазақстан 16-минутта есеп ашқан. Гол авторы — Аркадий Шестаков. Екінші кезеңнің аяқталуына бес секунд қалғанда швейцариялықтар артық құрамда шайба соғып, үшінші кезеңде тағы бір голмен алға шықты.

Ойын соңына қарай есеп 4:1 болып, қарсылас команда жеңіске жетті.

Швейцария – Қазақстан – 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)

0:1 – 15:17 – Шестаков (Бекетаев, Михайлис)

  • 1:1 – 39:55 – Фиала (Мальгин, Кукан)
  • 2:1 – 47:15 – Андригетто (Мальгин, Мозер)
  • 3:1 – 57:06 – Амбюль (Нидеррайтер, Фиала)
  • 4:1 – 57:44 – Риат (Кнак, Фора)

Осылайша, Қазақстан құрамасы өз тобында соңғы орынға түсіп, элиталық дивизионмен қош айтысты.

Еске сала кетейік, бұған дейін ұлттық құрама Венгрия, Дания, Германия және АҚШ-тан жеңілді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақ қызы «Реал Мадридке» жұмысқа орналасты
Кеше, 16:35

Қазақ қызы «Реал Мадридке» жұмысқа орналасты

Қазақстандық маман атақты клубпен келісімшартқа қол қойып, маркетолог ретінде қызметке орналасқан.
Азат Мақсұм UFC-де алғаш рет 2023 жылдың шілдесінде өнер көрсетті.
Жастар арасында Қазақстан Республикасының 19-шы чемпионаты өз мәресіне жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →