×

Анна Данилина WTA рейтингінде ТОП-10 қатарына енді

Бұл- оның мансабындағы ең жоғары нәтиже. 

Анна Данилина WTA рейтингінде ТОП-10 қатарына енді
ҚР ҰОК

Қазақстандық теннисші Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінен кейін WTA-ның жұптық рейтингінде 9-орынға көтерілді. Бұл – оның кәсіби мансабындағы ең жоғары жетістік, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Франция ашық чемпионатында Данилина сербиялық серіктесі Александра Круничпен бірге финалға дейін жетіп, шешуші ойында италиялық Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге жол берді.

Жұптық сындағы әлемнің үздік 10 теннисшісі:

Катерина Синякова (Чехия)

Тейлор Таунсенд (АҚШ)

Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия)

Елена Остапенко (Латвия)

Габриэлла Домбровски (Канада)

Жасмин Паолини (Италия)

Сара Эррани (Италия)

Вероника Кудерметова (Ресей)

Анна Данилина (Қазақстан)

Диана Шнайдер (Ресей)

Турнир барысында Данилина мен Крунич үлкен сенсация жасап, бірінші нөмірлі жұп – Синякова мен Таунсендті жарыс жолынан шығарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →