×

Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде қай орында тұр

Құрамамызда әзірге үш ұпай ғана бар. 

Қазақстан әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде қай орында тұр
Қазақстан футбол федерациясы

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына іріктеу турнирінің J тобындағы кезекті матчтардан кейін Қазақстан құрамасының жағдайы өзгерді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан өз алаңында Солтүстік Македония құрамасынан 0:1 есебімен жеңілді. Қонақтар сапынан жалғыз голды 33-минутта Александр Трайковски соқты. Осы ойынан кейін Бельгия мен Уэльс құрамаларының матчы өтті. Бұл нағыз тартысқа толы кездесу болды: бельгиялықтар алғашқы таймда-ақ 3:0 есебімен алда келе жатқан, алайда Уэльс таразы басын теңестірді. Сөйте тұра Бельгия тағы бір гол соғып, жеңісті тартып алды — 4:3. Жеңімпаздар тарапынан гол авторлары: Ромелу Лукаку (15-минут, пенальти), Юри Тилеманс (19-минут), Жереми Доку (28-минут) және Кевин Де Брюйне (88-минут). Уэльс құрамасынан Харри Уилсон (45+7, пенальти), Сорба Томас (52-минут) және Бреннан Джонсон (70-минут) мергендік танытты.

Бельгияның бұл жеңісінен кейін Қазақстан турнир кестесінде үшінші орыннан төртінші орынға сырғыды.

J тобындағы командалардың қазіргі жағдайы мынадай:

Солтүстік Македония — 8 ұпай (4 матч),

Уэльс — 7 ұпай (4 матч),

Бельгия — 4 ұпай (2 матч),

Қазақстан — 3 ұпай (3 матч),

Лихтенштейн — 0 ұпай (3 матч).

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →