×

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды

Юрий Мельниченко енді кеңесші қызметін атқарады. 

Грек-рим күресінен ұлттық құрамаға жаңа бас бапкер тағайындалды
ҚР ҰОК

Туризм және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналиннің бұйрығымен ұлттық құраманың жаңа бас бапкері болып Қонысбек Төкенов тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген Юрий Мельниченко енді бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Мельниченконың басшылығымен Қазақстан құрамасы бірқатар ірі жетістікке қол жеткізді: Парижде өткен Олимпиадада Демеу Жадыраев күміс медаль жеңіп алса, әлем чемпионатында Ержет Жарлықасын да күміс жүлдегер атанды.

Жаңа бас бапкер Қонысбек Қарымұлы бұған дейін Қазақстанның 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

Қонысбек Төкенов ұлттық құраманы 17-20 шілде аралығында Будапештте өтетін рейтингілік жарысқа бастап барады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →