×

Әлем чемпионатын жеңгіміз келеді»: Жас футболшылар Президентпен кездесіп, әңгімелесті

Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені инвесторлар қаржысына салынған

Әлем чемпионатын жеңгіміз келеді»: Жас футболшылар Президентпен кездесіп, әңгімелесті
Сурет: Бейнеден кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін аралады. Көпфункциялы ғимараттың жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы жас спортшылармен кездесті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

“Елордада орналасқан кешенде түрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар, сондай-ақ халыққа арналған сауықтыру және демалыс бағдарламалары ұйымдастырылады”, – делінген ақпаратта.

Нысан аумағында футзал, волейбол мен баскетбол алаңдары, бокс, дзюдо, қазақ күресі және басқа да спорт түрлерімен шұғылдануға арналған жекпе-жек залдары бар. Президент кешенде ойнап жүрген жас футболшылармен кездесіп, әңгімелескен.

«Футбол бізді ойнауға ғана емес, еңбекқорлыққа және достыққа үйретті. Біздің болашақтағы арманымыз – Қазақстан ұлттық құрамасына кіріп, Әлем чемпионатында жеңімпаз болу», - деді жас футболшылар командасының капитаны Сейсенбеков Дінмұхаммед.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады
Бүгін, 11:57

Қырғыздар көкпарды Көшпенділер ойындарының бағдарламасынан алып тастады

Жаңа формат Қырғыз Республикасының Көкбөрі федерациясымен талқыланған.
20 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионаты Қырғызстан астанасы Бішкекте өтті.
Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →