×

Тарихи алтын: қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды

Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын ұтты. 

Тарихи алтын: қазақстандық спортшылар жағажай волейболынан Азия чемпионы атанды
ҚР ҰОК

Таиландтың Ройет қаласында жағажай волейболынан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан құрамасының өкілдері Клим Рюхов пен Владислав Мастихин ел қоржынына алтын медаль салды. Отандастарымыз финалда Қытайдың бірінші құрамасын 2:0 есебімен (21:19, 21:16) жеңді.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан волейболы тарихындағы жастар арасындағы Азия чемпионатындағы алғашқы алтын. Бұған дейін біздің командалар тек екінші және үшінші орындармен шектеліп келген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →