×

Марат Омаров Қазақстан футболындағы келісілген мачтарға қатысты пікір білдірді

Ол күрес күшейгенін алға тартты. 

Марат Омаров Қазақстан футболындағы келісілген мачтарға қатысты пікір білдірді
kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров отандық футболдағы келісілген ойындар мен жемқорлыққа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Омаровтың айтуынша, бұл мәселе футболда бұрыннан бар және әлі де саланың дамуына кедергі келтіріп отыр.

Келісілген матчтардың бар екенін жоққа шығармаймыз. Бірақ қазіргі Федерация басшылығы бұл құбылыспен күресті күшейтті. Бұл кең таралған жемқорлық деп айтуға келмейді, дегенмен кез келген заңбұзушылық қатал жазалануы тиіс, – деді ол.

Федерация әділ ойын принципін қатаң ұстанып, қандай да бір тәртіп бұзушылықтарға төзбейді. Осыған байланысты заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу, жауапкершілікті күшейту және қылмыстық жаза енгізу мәселелері қаралуда. Қазіргі таңда бұл бастамалар Парламент депутаттарымен және тиісті органдармен талқылануда.

Біздің ұстаным – айқын: спорттық ар-намысын сатқан адамдарға Қазақстан футболында орын жоқ, – деп түйіндеді федерация басшысы.

Федерация мәліметінше, келісілген матчтардың алдын алу мақсатында елімізде құқықтық және ұйымдық деңгейде нақты шаралар қолға алынған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр
Бүгін, 17:55

Алматыда жанкүйерлер мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің ескерткішіне гүл қойып жатыр

Шайдоров спорттық карьерасына Денис Теннің жеңістері әсер еткенін айтқан
Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →