×

«Ішіп кетсем, «мал болып кетті» дейді»: Базарда жүрген Жазира Жаппарқұл шындығын айтты

Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.

«Ішіп кетсем, «мал болып кетті» дейді»:  Базарда жүрген Жазира Жаппарқұл шындығын айтты

Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта саудамен айналысып бастаған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

 Ол Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында  Шымкент қаласындағы базарлардың бірінде сауда жасайтынын ашық жеткізді. Айтуынша, тауарларға өзі тапсырыс беріп, сауда орнында басы-қасында жүріп, ісін өзі қадағалайды.

Базарда сауда жасаймын. Ол жерде өзімнің адамдарым тұрады. Арасында өзім де барамын. Ашып алып, кетіп қалу деген жоқ қой. Басы-қасында жүріп, қарап жүруің керексің. Барлық тауарды өзім тапсырыс беремін. Сатып алушылар келгенде мені танып, «Сен базарға шығып кеттің бе?» деп таңданыспен сұрайды. Онда тұрған не бар?! Мен біреудің тамағын немесе жұмысын тартып алыппын ба?, – деді Жазира Жаппарқұл.

Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.

Ішіп кетсем «мал болып кетті» деп айтады. Осындай жұмыс істеп жатсаң «мынадай» деп айтасыңдар. Оларға түзу сөйлеп үйреніңіздерші деймін.  Кейбір адамдар «дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар» дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс, – дейді спортшы.

Ол сондай-ақ кейбір адамдардың қолдау білдіретінін де атап өтті:

Кейбір адамдар «дұрыс, жарайсың, сауда да береке бар» дейді. Менталитетіміз дұрыс емес сияқты. Ішіп-шегіп жүргенше, спортпен немесе бизнеспен айналысқан дұрыс,- дейді зілтемірші.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ол Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Марат Мықтыбековпен бірнеше рет кездесіп, мәселені көтергенін жеткізді.
Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →