×

«Алты ай – жаңа өмір»: Алмас Өтешов ішімдікті тастаған соң өмірі қалай өзгергенін көрсетті

Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.

«Алты ай – жаңа өмір»: Алмас Өтешов ішімдікті тастаған соң өмірі қалай өзгергенін көрсетті
instagram.com/almas_uteshov

Әлем чемпионатының жүлдегері, ауыр атлет Алмас Өтешов өміріндегі түбегейлі өзгерістер туралы ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол әлеуметтік желіде ішімдікпен қоштасып, рухани жаңғыру жолына түскенін баяндап, бұл жазбасын жастарға ой салу үшін жариялағанын айтты.

Бұл суретті жарияламас бұрын көп ойландым. Шынымен де бұның қажеттілігі бар ма деген сауал жанымды мазалады. Бірақ өзім үшін емес, өзгелерге сабақ болсын деп бөлістім, – деп жазды спортшы.

Алмас Өтешов ауыр сәттерде ішкілікке бой алдыру – тығырықтан шығатын жол емес екенін баса айтады. Оның айтуынша, жаңа өмірге қадам басуы Құран атымен ішімдіктен бас тартуға берген уәдесінен басталған.

Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube арнасына берген сұхбатымда халық алдында Құран ұстап тұрып, енді ешқашан ащы суға жоламаймын деп ант еттім, – дейді Алмас.

Ол бұл күресте Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен қайратың екі жақтап» деген ұлағатты сөзін басты бағдар еткенін айтып өтті. Өтешовтің айтуынша, оны құтқарған – ақыл мен ерік-жігердің күші.

Сондай-ақ спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты. Атап айтқанда, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа, облыстық спорт басқармасының басшысы Бақтияр Артаевқа, және Дәулет Тұрлыханов, Садық Мұстафаев, Илья Ильин сынды азаматтарға шексіз ризашылығын білдірді.

Алты айдың ішінде өмірім түбегейлі өзгерді. Бұл – менің екінші тынысым, жаңа өмірімнің бастауы, – деп түйіндеді сөзін Алмас Өтешов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →