×

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды

Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды
Ақорда

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Қазақстан Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібайды Жаңа технологиялар мен жоғары жетістіктер жөніндегі комиссияның директоры етіп ресми түрде тағайындады. Бұл туралы ҰОК сайтына сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

IJF атап өткендей, бұл комиссия заманауи технологияларды енгізу және оларды спортшылардың, әлемдік дзюдо қауымдастығының мүддесі үшін және спорттық нәтижелерді арттыру мақсатында этикалық тұрғыда қолданумен айналысады. Сондай-ақ комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз комиссияның жұмысына елеулі үлес қосарына сенімдіміз, - делінген федерацияның ресми хатында.

Руслан Желдібай 2025 жылдың 17 ақпанынан бастап Қазақстан Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі Президенттің көмекшісі болды. 2023 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін - Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары - Президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр
Бүгін, 17:05

Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр

Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.
Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →