×

Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр

Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов туған жерінде жаттығатын жер таппай жүр
ҚР ҰОК

Әлем кубогының жеңімпазы, белгілі боксшы Сабыржан Аққалықов Шахтинск қаласындағы «Тентек» спорт кешеніне жаттығуға кіре алмай жүргенін айтты. Бұл туралы ekaraganda.kz-ке сілтеме жасай отырып Qaz365.kz хабарлайды.

Спортшының айтуынша, бұған дейін осы залда жаттыққанымен, қазір түрлі сылтаумен ішке кіргізбейді. Бір сағат жаттығу үшін ақы төлесе де, шектеу қойылып, кейін залдан шығарып жіберетін көрінеді.

Қазақстанның кез келген қаласында мені құрметпен қарсы алады. Ал өз қаламда, чемпион болған жерде залға да жолатпайды, - дейді Сабыржан.

Оның сөзінше, залда басқа спорт түрлеріне басымдық беріліп, боксқа жағдай жасалмай отыр. Бұған дейін де ол қала әкімінен көмек сұрап, жуынатын бөлме керектігін айтқан. Алайда уәде берілгенімен, нәтиже болмаған.

Тіпті, жақында өзінің спорттық жолы туралы деректі фильм түсіргісі келгенде де, залда түсірілім жасауға рұқсат берілмепті.

Қазір Сабыржан Қарағандыда, Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр. Дегенмен, ол туған жерінде бір күн өз залында қайта жаттығатынына сенеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді
Кеше, 16:49

Қазақстанның Халықаралық дзюдо федерациясындағы (IJF) өкілдігі кеңейді

Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.
Спортшы өз жолында қолдау білдірген жандарға ерекше алғыс айтты.
Бүгін ширек финал мен жартылай финал кездесулері өтеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →