×

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды

Боксшы ұстаздарына алғыс айтты

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан ғылым магистрі атанды
instagram.com/sabyrkhan_makhmud

Танымал боксшы, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан «Спорт менеджменті» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесін алды. Спортшы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін қызыл дипломмен аяқтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл қуанышты жаңалығын Сабырхан Instagram парақшасында бөлісіп, ұстаздарына алғыс айтты:

«Ассалаумағалейкум! Мұхтар Әуезов атындағы университетте "Спорт менеджменті" білім беру бағдарламасы бойынша ғылым магистрі атандым. Білім берген барлық мұғалімдерге алғысым шексіз. Еңбектеріңіз жана берсін! "Білім – дүниеге жарық" дейді дана қазақ. Бұл оқу орнында алған білімім алдағы өмір жолымда өз пайдасын тигізеді деп сенемін», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан 2021 жылы бокстан өткен әлем чемпионатында күміс, 2023 жылы алтын медаль жеңіп алған. 2024 жылы Азия чемпионы атанып, жуырда елордада өткен Әлем кубогінде де жеңіс тұғырынан көрінді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Тараз» клубымен кездесті
Кеше, 16:13

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары «Тараз» клубымен кездесті

«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.
Қазақстандықтар Халықаралық дзюдо федерациясында жетекші қызметтерге тағайындалды
Комиссия ынтымақтастықты нығайтуға, инновацияларды дамытуға және дзюдоны әлеуметтік даму үшін жаһандық құрал ретінде ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →