Команда кемі Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алып тұр.
Алматының «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын жеңді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Кездесуді Болгария елінен келген төреші Радослав Гидженов бастаған қазылар алқасы басқарды.
Сырт алаңдағы алғашқы ойында жеңілген Рафаэль Уразбахтин шәкірттері бұл жолы бірден шабуылға лап қойды. Нәтиже де көп күттірген жоқ. Алдымен 9-минутта Дастан Сәтпаев есеп ашса, Жоржиньо 29, Валерий Громыко 44-минутта мергендік танытты.
Екінші таймда финляндиялық ұжым ойынды теңестіруге тырысып, бірнеше қауіпті сәттер жасады. Алайда қақпашы Александр Заруцкий мен қорғаныс шебі сенімді ойнап, есепті сақтап қалды. Нәтижесінде — 3:0.
Бұл жеңістің арқасында «Қайрат» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты және автоматты түрде кемі Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алып тұр.
Енді келесі кезеңде қазақстандық клуб «Слован» (Словакия) – «Зриньски» (Босния және Герцоговина) жұбының жеңімпазымен кездеседі.
«Қайрат» (Алматы, Қазақстан) — КуПС (Куопио, Финляндия) — 3:0 (3:0)
Голдар: Сәтпаев, 9 (1:0).Жоржиньо, 29(2:0). Громыко, 43 (3:0).
Алаңнан қуылды: Зария, 45.
Бірінші ойын: 0:2 («Қайрат» жеңілген).