Клуб тарихи камбэк жасады
30 шілдеге қараған түні УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінің негізгі ойындары өтті. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша «Қайраттың» келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Үшінші айналымда алматылық клуб Словакияның әйгілі «Слован» командасымен кездеседі. Алғашқы матч 6 тамыз күні Алматыда, сағат 20:00-де басталады. Қарымта ойын 13 тамызда Братиславада өтеді, оның басталу уақыты – 23:15 (Астана уақытымен).
«Слован» – Словакияның қазіргі чемпионы, клуб бұл атақты 23 рет иеленген. Сонымен қатар, ел кубогын 17 рет ұтып алған. Айта кетерлігі, команданы кезінде «Қайратты» баптаған Владимир Вайсс жаттықтырады.
Еске салсақ, Рафаэль Уразбахтиннің шәкірттері екінші кезеңнің қарымта матчында қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соғып, келесі кезеңге жолдама алған болатын.