×

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты

Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.

Асхат Тағыберген 20 млн теңге айлық үшін қуып жіберген командасына жеңіс гол соқты
"Тобыл" фк баспасөз қызметі

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында Қостанайдың «Тобыл» командасы Шымкентте жергілікті «Ордабасы» командасын жеңіп кетті.

Бұл жолы «Тобылдың» пайдасына 3:2 есебімен аяқталды. Матчтағы жеңіс голын 40-минутта ұлттық құраманың экс-капитаны Асхат Тағыберген айып соққысынан кейін салды.

Еске салсақ, Асхат Тағыбергенге қатысты наурыз айында шу болған еді. Сол кезде Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Асхаттың 20 млн теңге жалақы алатынын, соған қарамастан жоғары деңгейде ойнай алмайтынын мәлімдеген еді.

«Біздегі команданы батпақ қылып кеткен. Ойыншылардың орташа айлығы - 15 миллион теңге. Екі жылға келісімшартқа отырған. УЕФА-ға тіркеп қойған. Біз оны тоқтатсақ, онда соңына дейін айлығын төлеп беруіміз керек. Ештеңе істей алмаймыз. Бәрімен сөйлесіп, біртіндеп кетіріп жатырмыз. Ашығын айтайын, Асхат Тағыберген сияқты ойыншылар қазір ойнай алмайды да, кетпейді де, отыр. 20 миллион теңге жалақыдан алып отыр. Мен ештеңе істей алмаймын»,- деген Ғабит Сыздықбеков.

Осыдан кейін Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды
Бүгін, 20:59

Түркістан облысында әлем чемпиондарына 4 автокөлік табысталды

Түркістан спортшылары 9 айда 1200-ден астам медаль жеңіп алды
Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Жас дарын иесін марапаттау рәсіміне қақпашының анасы да арнайы шақырылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →