×

Түркістанда спорт күні кең көлемде аталып өтті

Чемпионат екі кезеңнен тұрды.

Түркістанда спорт күні кең көлемде аталып өтті
Түркістан облыстық әкімдігі

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» стадионында «Спорт күні» мерекесіне орай футболдан әуесқой командалар арасында тұңғыш рет Түркістан облысының чемпионаты өтті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, чемпионат екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезең ауылдық округтер деңгейінде өткізіліп, оған облыстың барлық аудан-қалаларынан 186 командадан 3300-ге жуық футболшы қатысты. Іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен үздіктер екінші айналымға жолдама алды. Мұнда 3 қала мен 14 ауданның құрамалары төрт аймаққа бөлініп, финалдық кезеңге берілетін жолдама үшін бақ сынады.

Финалға Мақтаарал, Қазығұрт, Ордабасы аудандары мен Түркістан қаласының командалары шықты. 19-21 тамыз күндері өткен шешуші ойындардың қорытындысы бойынша 1-орынды Мақтаарал ауданының командасы жеңіп алса, 2-орын Түркістан қаласының футболшыларына бұйырды. Ал Ордабасы ауданының құрамасы 3-орынға тұрақтады.

Жеңімпаз атанған Мақтаарал командасы Қазақстан Республикасының кубогына жолдама алып, облыс намысын қорғау мүмкіндігіне ие болды.

Чемпионаттың жабылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров спортшыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, оларға медальдар мен кубоктар табыстады.

Бұл мереке – кәсіби спортшылар мен бапкерлерге ғана емес, барлық спорт жанкүйерлері мен салауатты өмір салтын ұстанатын әрбір адам үшін айтулы күн. Түркістан өңірі – әрқашан қазақ спортына серпін берген қасиетті аймақ. Біз жастарға қолдау көрсету арқылы ел болашағын нығайтамыз, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ ол халықаралық және республикалық жарыстарда топ жарған спортшыларды жеке марапаттап, өңір спортының жетістіктеріне тоқталды.

Біздің өңірімізден Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері Бекзат Саттарханов, Мұхтархан Ділдәбеков, Сәкен Бибосынов, Жазира Жаппарқұл сияқты есімдері әлемге танымал спортшылар шыққан. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Әбдісалан Нұрмаханов, Октябрь Жарылқапов, Сабыр Рахимов, Хайыс Аққалиев секілді даңқты тұлғалар бүкіл халыққа спортпен шұғылдануға үлгі бола білді. Айтулы тұлғалардың ізін жалғаған спортшыларымыз өсіп келеді. Ұлттық спорт түрлерінен де облысымыздың спортшылары Көшпенділер ойындарында 31 медаль иеленіп, республика бойынша көш бастады. Жыл басынан бері спортшыларымыз Әлем, Азия және Қазақстан чемпионаттарында жалпы 1 122 медальды жеңіп алды. Ұлттық құрама сапына облыстан 766 спортшы енді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 150 спортшыға артып отыр, – деді Нұралхан Көшеров.

Бүгінде облыста 92 148 адам спортпен жүйелі түрде айналысады, оларға 2 440 жаттықтырушы қызмет көрсетуде.

Спорттық инфрақұрылым да қарқынды дамуда. Түркістанда «Түркістан Арена», халықаралық теннис орталығы,«Мұз сарайы» және Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілген. Өңірде тағы 54 жаңа спорт нысанын салу жоспарланып отыр, оның ішінде халықаралық ескек есу арнасы мен атшабар да бар.

Бұл чемпионат – тек жарыс емес, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, жаңа есімдердің ашылуына мүмкіндік берген маңызды оқиға болды. Облыс басшылығы алдағы уақытта да осындай жарыстарды тұрақты өткізіп тұруды жоспарлап отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсация: «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең түсті
Кеше, 09:38

Сенсация: «Қайрат» сырт алаңда «Селтикпен» тең түсті

Қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.
Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →