×

Футбол: Уэльс пен Бельгияға қарсы ойнайтын нақты құрам анықталды

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Футбол: Уэльс пен Бельгияға қарсы ойнайтын нақты құрам анықталды
Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қыркүйек айында өтетін Уэльс пен Бельгияға қарсы матчтарға шақырылған ойыншылардың нақты тізімін жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Әлібек Қасым, («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Наурызбек Жагоров («Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жаксыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Ислам Чесноков («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Дәурен Жұмат, Серікжан Мужиков (екеуі де – «Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Дамир Қасабулат («Қайрат»);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Иван Свиридов («Елімай»).

Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 29 тамызда Астанда басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қыркүйекте екі ойын өткізеді. 4 қыркүйекте Астанада Уэльс құрамасын қабылдаса, 7 қыркүйекте сырт алаңда Бельгиямен кездеседі. Екі ойын да 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтеді.

Уэльске қарсы ойын «Астана Аренада» Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда спорт күні кең көлемде аталып өтті
22.08.2025ж. 16:27

Түркістанда спорт күні кең көлемде аталып өтті

Чемпионат екі кезеңнен тұрды.
Қарымта кездесу 26 тамызда Алматыда өтеді.
Тағыберген бірден команда ауыстырып, «Тобыл» жейдесін киген.
Тоғызқұмалақ шеберлерінің қарсыласы күрделі алгоритмдермен жұмыс істейтін интеллектуалды компьютерлік бағдарлама

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →