×

Депутат Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды

Депутат Нартай Аралбайұлы жаңа қызметке тағайындалды
Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Нартай Аралбайұлы республикалық дәстүрлі садақ ату федерациясына жаңа президенті болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2023 жылдан бастап федерация президенті лауазымын атқарған Мұқатаев Айдос Зиядұлының қызметтен кетуіне байланысты, 2025 жылдың  28 тамызынан бастап Сәрсенғалиев Нартай Аралбайұлы тағайындалды. Сіздің бұл мәртебелі қызметке келуіңіз – еліміздегі спорт саласының жүйелі дамуына, халықаралық стандарттарға сай ілгерілеуіне тың серпін беретініне нық сенім білдіреміз», - делінген федерацияның әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нартай Аралбайұлы - 1991 жылы 15 маусымда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Отандық бірнеше арнада қызмет атқарған. 2023 жылдан бастап, Мәжіліс депутаты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →