Испанияның жұлдызды командасы оңтүстік астанаға ат басын бұрады.
Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өз алаңында «Реал Мадридті» қабылдайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Дәл қазір Монакода Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтіп жатыр. Соның қорытындысы бойынша «корольдік» клуб Алматыға келеді. Ал сырт алаңда «Қайрат» «Интермен» кездеседі.
Чемпиондар лигасы ойындарының кестесі:
Жалпы кезең
1-тур: 16-18 қыркүйек 2025 ж.
2-тур: 30 қыркүйек – 1 қазан 2025 ж.
3-тур: 21-22 қазан 2025 ж.
4-тур: 4-5 қараша 2025 ж.
5-тур: 25-26 қараша 2025 ж.
6-тур: 9-10 желтоқсан 2025 ж.
7-тур: 20-21 қаңтар 2026 ж.
8-тур: 28 қаңтар 2026 ж.
Плей-офф кезеңі
Қосымша матчтар: 17-18 және 24-25 ақпан 2026 ж.
1/8 финал: 10-11 және 17-18 наурыз 2026 ж.
Ширек финал: 7-8 және 14-15 сәуір 2026 ж.
Жартылай финал: 28-29 сәуір және 5-6 мамыр 2026 ж.
Финал: 30 мамыр 2026 ж. (Будапешт)