×

Жертөледе балаларды жаттықтырып жүрген Болат Жұмаділов жоғары айлық төленетін жұмысқа тұрды

Жертөледе балаларды жаттықтырып жүрген Болат Жұмаділов жоғары айлық төленетін жұмысқа тұрды
скрин видео

Бокстан Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионы Болат Жұмаділов енді шәкірттерін жертөледе емес, заманауи спорт кешенінде баулитын болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елімізге белгілі кәсіпкер әрі спорт жанашыры Махат Төрәлі даңқты спортшыға қолдау білдіріп, тұрақты жұмыс тауып берді. «Спорт министрі» telegram-арнасының хабарлауынша, Жұмаділов елордадағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде бапкер қызметін атқарады. Мұнда ол 800 шаршы метр аумақта орналасқан жаңа бокс залында болашақ чемпиондарды даярлап, жоғары деңгейде еңбекақы алады.

Бұған дейін әйгілі боксшы шәкірттерін өз үйінің жертөлесінде жаттықтырып келген еді. Техникалық бөлмені шағын бокс залына айналдырғанымен, ондағы құрал-жабдық ескіргенін және ғимараттың кез келген уақытта босатылуы мүмкін екенін айтқан болатын.

«Бұл жер бізге тиесілі емес, сондықтан кез келген уақытта босат деп айтуы мүмкін. Сол себепті жөндеу жұмыстарына қаржы құймай отырмыз», – деген еді Жұмаділов.

Енді бұл мәселе өз шешімін тауып, қазақ спортының абыройын асқақтатқан Жұмаділов лайықты еңбек жағдайына қол жеткізді.

Ал боксшыдан сұхбат алған журналист Нұрсейіт Жылқышыбай да барлығы жақсарып жатқанын айтты.

«Болат Жұмаділовпен болған сұхбаттан кейін Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліп Болат ағамызға автокөлік мінгізсе, кәсіпкер Махат Төрәлі хан сарайында спорт кешеніне жұмысқа алды.  Құрдасым Шәкең мен ағамыз Махат Төрәліге рақмет! Ең бастысы мыңдаған көрерменге рақмет. Біз сол түмен қолдай қалың көрерменімізбен ғана мықтымыз! - деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →