×

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Боксшы осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр

Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық былғары қолғап шебері Санжар Тәшкенбай Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем біріншілігінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жерлесіміз 50 келіге дейінгі салмақтың финалында Алдарқхишиг Баттулгамен (Моңғолия) өзара мықтыны анықтады.

Санжар Тәшкенбай жекпе-жектің бірінші кезеңінен бастап тізгінді қолына алды. Толық үш раунд бойы басымдығын сақтап қалған жерлесіміз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальді салды.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр. Ол бұған дейін 2023 жылы жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілген болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады
Бүгін, 19:31

Тоқаев қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі
Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті
Отандасымыз ақтық жекпе-жекте үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді
Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →