×

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта жеңіске жетті

Боксшы Махмұд Сабырхан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: Сали Сабиров

Махмұд Сабырхан бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшы 55 келіге дейінгі салмақта үздік атанды.

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады
Бүгін, 19:31

Тоқаев қазақстандық боксшыларды әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтады

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі
Отандасымыз ақтық жекпе-жекте үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді
Боксшы осымен екінші мәрте әлем чемпионы атанып отыр
Қазақстандық боксшы алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →