×

Аида Әбікеева бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Боксшымыз өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді

Аида Әбікеева бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды
Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық боксшы Аида Әбікеева Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz Қазақстан ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 65 келіге дейінгі салмақтың ақтық жекпе-жегінде өзбекстандық Навбахор Хамидованы жеңді.

Алғашқы екі раунд өзбек қызының пайдасына аяқталды. Дегенмен Аида үшінші раундта жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетіп, жеңісті суырып алды. Нәтижесінде екі дүркін әлем чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстанның қоржынында төрт алтын медаль бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →