Жеті алтын, бір күміс, екі қола
Англияның Ливерпуль қаласында 4–14 қыркүйек аралығында өткен бокстан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетті. Әлемнің 68 елінен келген 540-тан астам мықты спортшы қатысқан додада қазақстандықтар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді деп хабарлайды Qaz365.kz
Жеті алтын, бір күміс, екі қола
Қазақстан боксшылары чемпионатты 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен қорытындылап, басты көшбасшы атанды. Бұл – ұлттық құрама тарихындағы ең ірі жеңістердің бірі.
Әйелдер құрамасының жетістігі:
51 кг – Алуа Балкибекова – алтын
65 кг – Аида Әбікейева – алтын (финалда Өзбекстан спортшысы Навбахор Хамидованы 3:0 есебімен ұтты)
70 кг – Наталья Богданова – алтын
48 кг – Назым Қызайбай – күміс
Ерлер құрамасының жеңістері:
50 кг – Санжар Тәшкенбай – алтын
55 кг – Махмұд Сабырхан – алтын
70 кг – Торехан Сабырхан – алтын
90+ кг (супер ауыр салмақ) – Айбек Оралбай – алтын (финалда өзбек боксшысы Жахонгир Зокировты жеңді)
Қазақ боксшылары қосымша екі қола жүлдені де қанжығаға байлады.