×

Геннадий Головкин: Әлемдік алғашқы бокс чемпионаты аяқталды, Ливерпульде тарих жазылды

GGG: «Бар күшін салған әр боксшымен мақтанамын. Бұл – тек бастамасы ғана»

Геннадий Головкин: Әлемдік алғашқы бокс чемпионаты аяқталды, Ливерпульде тарих жазылды
фото: gggboxing

Ливерпульде өткен тұңғыш Дүниежүзілік бокс чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлем назарын өзіне аударған бұл дода бокс тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болды.

Жарыстың мәресіне жеткенін қазақстандық боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин (GGG) өз парақшасында атап өтті. Ол жарысты жоғары бағалап, спортшыларға ризашылығын білдірді.

«Әлемдік алғашқы бокс чемпионаты өз мәресіне жетті. Рақмет саған, Ливерпуль – тарих жазылды! Осы күндерді ерекше әрі шабытты еткен барлық спортшыларға алғыс айтамын. Бар күшін салған әр боксшымен мақтанамын. Бұл – тек бастамасы ғана», – деді Геннадий Головкин.

Чемпионат барысында әр спортшы өз шеберлігін, қайсарлығын көрсетіп, жанкүйерлерге ұмытылмас сәттер сыйлады. Жеңімпаздардан бөлек, қатысқан барлық боксшылар да тарихтың бір бөлігіне айналды.

Сарапшылардың айтуынша, мұндай ауқымды дода алдағы уақытта халықаралық турнирлердің дамуына жол ашып, бокс әлемінде жаңа жұлдыздардың жануына себеп болмақ.

Ливерпуль төрінде өткен осы чемпионат жанкүйерлер жадында ұзақ сақталары анық.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →