Алғашқы матч сәтсіз басталды.
Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойында Лиссабонда Португалияның «Спортингінен» 4:1 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Алғашқы таймда алаң иелері толықтай басымдыққа ие болды. 24-минутта қақпашы Шерхан Қалмұрза Юльманнның пенальтиін қайтарып, командасын құтқарып қалды. Алайда үзіліске санаулы минуттар қалғанда Франсишку Тринкан есеп ашты (1:0).
Екінші тайм басында Еркін Тапалов пен Дастан Сәтпаев гол соғуға жақын болды, бірақ өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Керісінше, 64-минутта Тринкан дубль жасап, алыс бұрышты дәл көздеді. Одан кейін Алиссон Сантос (66) мен Джовани Кенда (68) нәтижені еселей түсті. Соңғы голды 86-минутта Эдмилсон соқты.
Қонақтар тек бір голмен жауап бере алды, жалпы есеп — 4:1.
Келесі матч: 30 қыркүйекте «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдайды.