×

Шымкент әкімдігі Махмұд пен Төрехан Сабырханға және әкесіне көлік пен пәтер сыйға берді

Шымкент әкімдігі Махмұд пен Төрехан Сабырханға және әкесіне көлік пен пәтер сыйға берді
Әлеуметтік желі

Шымкент әкімдігінің бастамасымен бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған ағайынды боксшылар – Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға қошемет көрсетілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ әкесі Айдархан Сабырханұлына көлік кілті табысталды.

«Қатты қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен кетіп барамыз. Әкеме, бапкеріме де жақсы сыйлықтар жасалды. Бізге пәтер, көлік сыйлаған демеуші ағаларымызға ризашылығымызды білдіреміз. Қала әкіміне алғысым шексіз», - деді Махмұд Сабырхан.

Айта кетейік, ағайынды Сабырхан Ливерпульдегі әлем чемпионатында топ жарды. Үлкені Махмұд 55 келіде үздік шықты. Сөйтіп екі дүркін әлем чемпионы болды.

Інісі Төрехан финалда 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырхан жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын.

Төрехан Сабырхан – жастар мен жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Бұл — құрлық боксы тарихындағы бірегей нәтиже. Сонымен қатар ол 2025 жылдың сәуірінде кәсіпқой рингте дебют жасап, жеңісті жолын бастаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары: тоғызқұмалақ жеңімпаздары анықталды
Кеше, 11:07

«Ақ бидай» VIII республикалық ауыл спорт ойындары: тоғызқұмалақ жеңімпаздары анықталды

Бұл додаға тоғызқұмалақтан еліміздің 16 облысынан 123 спортшы қатысты
«Қайрат» клубы «Реал Мадридпен» 2025 жылдың 30 қыркүйегінде өз алаңында кездеседі
26 жылдан кейін Қазақстан қоржынына түскен алғашқы алтын медаль
Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның сейвін Чемпиондар лигасы ойын күніндегі үздіктердің бірі деп атады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →