×

«Қайрат» жанкүйерлерді ЧЛ билеттерін сатып алуда алаяқтардан сақ болуға шақырды

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бұл ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.

«Қайрат» жанкүйерлерді ЧЛ билеттерін сатып алуда алаяқтардан сақ болуға шақырды
"Қайрат" ФК

 «Қайрат» футбол клубы жанкүйерлерге УЕФА Чемпиондар лигасы ойындарына билеттерді тек ресми сатылым арналары арқылы алу қажеттігін ескертті. Бұл туралы клубтың Telegram-арнасында хабарланды, деп жазады Qaz365.kz.

Клуб өкілдерінің айтуынша, сатылым басталар алдында жалған хабарландырулар мен билеттерді қайта сату әрекеттері көбейген.

Үшінші тұлғалардан немесе бейресми арналар арқылы алынған билеттердің күші жойылады. Мұндай билеттердің иелері стадионға кіре алмайды, - делінген хабарламада.

«Қайрат» - «Реал Мадрид» арасындағы кездесудің билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де сатылымға шығады. Оларды тек клубтың ресми сайтынан сатып алуға болады. Сол жерде барлық ресми сатылым көздері де көрсетілген.

УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бұл ойын 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Бұған дейін матч билеттерінің санаттары мен бағалары жарияланған болатын:

Солтүстік/Оңтүстік трибуналар — 75 мың теңге;

Шығыс трибуна — 150 мың теңге;

Батыс трибуна — 250 мың теңге;

Батыс трибуна (1-9 сектор, 1-2 қатар) — 30 мың теңге.

Сонымен қатар, бір адамға бар болғаны екі билет алуға рұқсат етіледі. Әрбір билет сатып алушының ЖСН-іне тіркеледі. Бұл шара қайта сатылымның алдын алу үшін енгізілген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
06.11.2025ж. 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →