×

Дастан Сәтпаевтың дублі «Қайратты» турнир кестесінің көшіне шығарды

Дастан Сәтпаевтың дублі «Қайратты» турнир кестесінің көшіне шығарды
vesti.kz

Алматылық «Қайрат» футбол клубы премьер-лиганың соңғы кезеңінде басты қарсыластарын артқа тастап, көш басына шықты. Бүгін өз алаңында өткен ойында жергілікті команда Астананың «Жеңісін» 3:1 есебімен тізе бүктірді, - деп Qaz365.kz хабарлайды

Кездесуде алаң иелерінің шабуылшысы Дастан Сәтпаев көзге түсіп, қос голдың авторы атанды. Тағы бір голды команданың тәжірибелі ойыншысы Рикардиньо соқты. Ал қонақтар сапынан Исламбек Қуат ғана нәтижелі соққымен көзге түсті. Бұдан әрі «Жеңістің» қарқынына қуат жетпеді.

Жеңістен кейін «Қайраттың» қоржынында 52 ұпай болды. Осылайша алматылық клуб басты бәсекелесі «Астанадан» екі ұпайға озып, бірінші орынға көтерілді. Екі мәрте гол соққан Дастан Сәтпаев сұрмергендер тізімінде де алға жылжып, 11 голымен үшінші орынға тұрақтады. Қазіргі таңда рейтингтің көшін 13 голы бар Назми Грипши бастап тұр. Ал екінші орында – «Астана» ойыншысы Марин Томасов. Хорватиялық футболшы Сәтпаевпен бірдей гол соққанымен, нәтижелі пастар бойынша алда келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді
06.11.2025ж. 07:26

Сенсацияға сәл қалды: «Қайрат» «Интерге» есе жіберді

Бұған дейін Интер бірде-бір гол өткізбеген еді
Жыл соңына дейін облыстағы 68 ауылдық округтің 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылады
Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді
Жетісуда спортқа қызығушылық 42 пайызға артты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →