×

Күздің басты спорттық оқиғасы: Almaty Marathon 16 мың қатысушыны біріктіреді

Шетелдік спортшылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен

 

 

Күздің басты спорттық оқиғасы: Almaty Marathon 16 мың қатысушыны біріктіреді

28 қыркүйекте Алматыда Орталық Азиядағы ең ірі жүгіру шарасы – Almaty Marathon өтеді. «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры ұйымдастыратын жарыс биыл он төртінші рет Республика алаңынан басталып, 60-тан астам елден келген 16 мыңға жуық атлетті жинайды. Биыл екі рекорд тіркелмек: шетелдік қатысушылар саны 1200-ден асты, ал марафонның басты қашықтығы – 42,2 км-ге 1500 адам өтінім берген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жүгіру бағыты Республика алаңынан басталып, әл-Фараби даңғылы бойымен өтеді. Қатысушылар жол бойында Алатаудың әсем көрінісін, Тұңғыш Президент саябағын, Ботаникалық бақты және Алматының басқа да көрікті орындарын тамашалайды. Бағдарламада 42,2 км марафон, 21,1 км жартылай марафон, 10 км қашықтық және 10 км скандинавиялық жүріс бар. Корпоративтік командалар үшін «Экиден» эстафетасы ұйымдастырылған. Мәреге жеткендердің барлығына естелік медаль, ал жеңімпаздарға ақшалай сертификат пен бағалы сыйлықтар табысталады.

Қайырымдылық миссиясы
Almaty Marathon тек спорттық жарыс емес, қайырымдылық жобасы да. Қор құрылған күннен бері қатысушылар жарнасынан түскен қаржының бір бөлігі балаларға арналған әлеуметтік бастамаларға жұмсалады. Биыл «AYALA» қорымен бірлесе Шымкент пен Түркістандағы перинаталдық орталықтарға жалпы құны 106,2 млн теңге болатын заманауи диагностикалық жабдық сыйға тартылды. Соңғы 14 жылда қор қайырымдылыққа 370 млн теңгеден астам қаржы бағыттаған.

Халықаралық мәртебе
Бұл марафон – Қазақстаннан халықаралық AIMS күнтізбесіне енген жалғыз жарыс. AIMS – 115 елдегі 445 марафонды біріктіретін қауымдастық. Қордың қамқоршылық кеңесі төрағасы Ғалымжан Есеновтың айтуынша, биыл ең көп шетелдік спортшы қатысады.

 «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қорының сөрелері» – Қазақстандағы халықаралық марафондар мен жарыстар күнтізбесіне (AIMS) күнтізбесіне енген жалғыз сөре. AIMS – 115 елден 445 марафонды біріктіретін қауымдастық. Almaty Marathon – солардың ішіндегі ең ірісі әрі қор тарихы осы шарадан бастау алады. Оның мақсаты – спортты бұқараға қолжетімді ету. Бұл марафон адамдарды біріктіріп қана қоймай, туризмді дамытады, бизнесті қолдайды және елдің халықаралық беделін арттырады. Биыл біз рекордтық көрсеткішке жеттік – әлемнің 60-тан астам елінен 1200-ден астам шетелдік қатысып отыр», - деді Қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалымжан Есенов.

Марафон түркі елдерінің TAN сериясына кіреді, ал жарыс жолдары World Athletics талаптарына сай сертификатталған. Шара экологиялық стандарттарды да ұстанады: қалдықты қайта өңдеу үшін жергілікті компаниялармен әріптестік орнатылған, EcoNetWork интерактивті экобекет ұйымдастырады. Қатысушылар сөреде қажетсіз жылы киімдерін арнайы орынға қалдырып, кейін олар «Жылу» жобасы арқылы мұқтаж жандарға жеткізіледі.

«Almaty Marathon бірнеше жылдан бері инклюзивтілігімен, ұйымдастыру сапасымен және ауқымымен көш бастап келеді. Біз спорттық шара өткізумен ғана шектелмейміз, адамдарды саналы түрде спортпен шұғылдануға баулимыз. Жыл бойы A’SU Team by Almaty Marathon тегін жаттығулары өтеді, қыста 42,2 км қашықтыққа тіркелгендер үшін ашық топ жұмыс істейді. Биыл біз Community Almaty Run атты апта сайынғы кездесулерді бастады, онда бірге жүгіреміз, дәрістер тыңдаймыз, экологиядан бастап спортқа дейінгі түрлі тақырыптарды талқылаймыз. Марафон кәсіби спортшылар үшін де, әуесқойлар үшін де ашық, қоғамдағы оң өзгерістерге ықпал етеді», - деді Қордың атқарушы директоры Салтанат Қазыбаева.

Қауіпсіздік
Almaty Marathon жыл бойы тегін жаттығулар мен ашық кездесулер өткізеді, спортты көпшілікке қолжетімді етуге күш салады. Қатысушылардың қауіпсіздігіне 70-тен астам дәрігер, 90 медициналық ерікті, 13 медициналық бекет пен 12 жедел жәрдем көлігі жауап береді. Жарыс бойында су мен тамақ бекеттері, зат сақтайтын орындар, киім ауыстыратын бөлмелер, сондай-ақ аналар мен балаларға арналған бөлме және ерекше қажеттілігі бар адамдарға лайықты әжетханалар қарастырылған.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ақордаға барасыңдар» дегенде қатты қуандым – чемпион Алуа Балқыбаева
Кеше, 16:58

«Ақордаға барасыңдар» дегенде қатты қуандым – чемпион Алуа Балқыбаева

Ливерпульде бокстан өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленген боксшы Алуа Балқыбаева Ақордаға баратынын естіген кезде қатты қуанғанын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →