×

«Реалдың» Алматыға келе жатқан құрамы белгілі болды

Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға ұшып келеді.

«Реалдың» Алматыға келе жатқан құрамы белгілі болды
ФК "Реал Мадрид"©

Мадридтік «Реал» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алматылық «Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойынға аттанатын құрамын жариялады.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

«Реалдың» жарияланған құрамы:

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;

Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

Ұшып келу кестесі

Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға ұшып келеді. Олар Мадридтегі Адольфо Суарес атындағы Барахас халықаралық әуежайынан жергілікті уақытпен 13:30-да (Астана уақытымен 16:30) аттанып, әуеде шамамен 8 сағат 20 минут болады. Кестеге сәйкес, ұшақ Алматы әуежайына түнгі 00:50-де қонады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Рафаэль Уразбахтин: Халықтың сенімін ақтауға тырысамыз
25.09.2025ж. 16:02

Рафаэль Уразбахтин: Халықтың сенімін ақтауға тырысамыз

Бапкердің айтуынша, жанкүйерлер ғана емес, өздерін бүкіл ел қолдайтынын команда біледі.
Спортшыға Қызылорда қаласынан пәтер кілтін табыстады
Министрлік өкілдері бағаны реттеу өз құзырларына кірмейтінін атап өтті.
Шетелдік спортшылар саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен    

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →