×

Дархан Сатыбалды боксшы қыздарға қомақты қаржылай сыйақы табыс етті

Боксшыларға қаржылай сыйақы табысталды. 

Дархан Сатыбалды боксшы қыздарға қомақты қаржылай сыйақы табыс етті
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосқан алматылық чемпиондарға қаржылай сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алматы әкімі әлем чемпионатының алтын, күміс және қола жүлдегерлерін жоғары жетістігі үшін құттықтап, қаржылай сертификаттармен марапаттады.

Салтанатты рәсімде Алматы әкімі Дархан Сатыбалды спортшыларды жоғары нәтижесімен құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті.

 

Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл – мен үшін қос қуаныш, өйткені біздің алматылық спортшылар ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды. Бұдан бөлек, күрес чемпионатында тағы бір медальға қол жетті. Мұның бәрі – сіздермен бірге мақтанатын жоғары нәтиже, – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Загреб (Хорватия) қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Нұрқожа Қайпанов та алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапатталды.

Спортшылардың бапкерлері де алғыс хат пен қаржылай ынталандыруға ие болды.

Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Спортшылар барлығы 10 медаль жеңіп алды: 7 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Алматыдан ұлттық құрама сапында 4 спортшы бағын сынап, 4 медальға ие болды. Бұл – команданың жалпы жүлдесінің 40 пайызы.

1. Алуа Балқыбекова – алтын медаль.

2. Назым Қызайбай – күміс медаль.

3. Виктория Графеева – қола медал.

4. Елдана Тәліпова – қола медаль.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Реалдың» Алматыға келе жатқан құрамы белгілі болды
Кеше, 16:37

«Реалдың» Алматыға келе жатқан құрамы белгілі болды

Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға ұшып келеді.
Бапкердің айтуынша, жанкүйерлер ғана емес, өздерін бүкіл ел қолдайтынын команда біледі.
Спортшыға Қызылорда қаласынан пәтер кілтін табыстады
Министрлік өкілдері бағаны реттеу өз құзырларына кірмейтінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →