×

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчы алдында бірнеше көше жабылады

Сағат 16:00-ден бастап қозғалыс басты үш учаскеде шектеледі

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчы алдында бірнеше көше жабылады
Фото әлеуметтік желіден

Алматыда 30 қыркүйек күні өтетін «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы көптен күткен футбол кездесуі кезінде қаладағы бірқатар орталық көшелерде қозғалыс шектеледі. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ведомство дерегінше, жол қозғалысына шектеу сағат 16:00-ден бастап төмендегі учаскелерде енгізіледі:

  • Абай даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

  • Сәтпаев даңғылы – Байзақов көшесінен Сейфуллин даңғылына дейін;

  • Байтұрсынов көшесі – Тимирязев көшесінен Шевченко көшесіне дейін.

«Полиция күшейтілген тәртіпте қызмет атқаруда. Жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылған. Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», – делінген полиция хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Winter Run: Алматыда 22 елдің қатысушылары жүгіру маусымын ашты
Бүгін, 11:59

Winter Run: Алматыда 22 елдің қатысушылары жүгіру маусымын ашты

Жарысқа 10 мен 75 жас аралығындағы спортшылар қатысты
Президент Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдады
Олимпиада чемпионы атанғаныма әлі де сене алар емеспін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →