×

«Қайрат» – «Реал» матчы: Еспанов пен Майғазиевтің ұлдары билетті қымбатқа сатып жатыр

Бір билеттің құны – 500-600 мың теңгеден басталады

«Қайрат» – «Реал» матчы: Еспанов пен Майғазиевтің ұлдары билетті қымбатқа сатып жатыр
Фото әлеуметтік желіден

Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов 30 қыркүйекте өтетін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттерін сатып жатыр. Ол өзінің әлеуметтік парақшасында бір билетті 500-600 мың теңгеден сататынын хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.

Қызығы, бұл шақырту билеті болып саналады. Билеттер әртүрлі бағада. Мәселен, қымбат орындары 760-900 мың теңгеге дейін барады.Сонымен қатар, әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы да белгілі қатарлардан билет ұсынып, оны 350 мың теңгеге сататынын жеткізді. Ол 9, 14, 1, 8 қатарлардағы билеттерді сатуға қойған. Бұл әрекет әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызды. 

«Мына жерде 20 билеттей бар. Сайт істемей қалған, ала алмай қалып едік, мыналар 20 билетті қайдан алып отыр?! Барлығымыздың құқығымыз бірдей емес пе?!», «Кеше Нұрлан Еспанов тегін билет сыйлаймын деп жатыр еді. Елге танымал адамдар халыққа жаны ашымайды, басқадан не күтеміз?!», «Полицияға арыз түсіру керек. 250 мың теңгелік билетті 1 миллионға сатып, пайда көріп жатыр», «Аштық болмасын деңіздер. Аштық болса, мына әртіс-пәртістің баласы көгерген нанды 10 есе бағасына сататын секілді» деп жазған желі қолданушылар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчы алдында бірнеше көше жабылады
Бүгін, 10:02

Алматыда «Қайрат» – «Реал» матчы алдында бірнеше көше жабылады

Сағат 16:00-ден бастап қозғалыс басты үш учаскеде шектеледі
Футболшылар 28 қыркүйек күні кешке Алматыға ұшып келеді.
Бапкердің айтуынша, жанкүйерлер ғана емес, өздерін бүкіл ел қолдайтынын команда біледі.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →