Халықаралық бокс даңқ залы АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан.
Аңызға айналған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокс даңқ залына енуге үміткерлердің қатарына кірді. Бұл туралы The Ring журналы хабарлады, деп жазады Qaz365.kz.
Басылымның дерегінше, Головкин заманауи боксшылар санатындағы негізгі кандидаттардың бірі атанды. Онымен бірге Вернон Форрест пен Стив Коллинз есімдері де тізімге енгізілген. Дауыс беру қорытындысы биылғы желтоқсанда белгілі болады.
Халықаралық бокс даңқ залы (IBHOF) АҚШ-тың Нью-Йорк штатында орналасқан. Мұнда жыл сайын әртүрлі санат бойынша жеті адам қабылданады. Қазақстандық спортшылардың ешқайсысы бұған дейін бұл мәртебеге ие болған емес.
Головкиннің мансабы
Геннадий Головкин – қазақстандық спорттың ең танымал өкілі. Әлеуметтік желілерде оның 5 миллионға жуық жазылушысы бар. Ол орта салмақта WBC, IBF, WBA және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болған.
Кәсіпқой бокста 16 жыл өнер көрсеткен Головкин 45 жекпе-жек өткізіп, тек екі рет жеңіліп, бір рет тең түсті. Екі жеңілісі де мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен өткен кездесулерде тіркелді. Соңғы жекпе-жегін ол 2022 жылдың қыркүйегінде өткізген.
Қазір Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетін және World Boxing ұйымындағы Олимпиадалық комиссияны басқарады.