×

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековке министрлік грант ұсынды

Бұған дейін Шерхан Қалмырзаға академия ректорлық грантын табыс еткен болатын 

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековке министрлік грант ұсынды
Фото әлеуметтік желіден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек  «Қайрат» футбол клубының қақпашысы Темірлан Анарбековті 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Саясат Нұрбек министрлік спортты дамытумен қатар, кәсіби спортшылардың академиялық білім алуына да ерекше мән беретінін, «Қайрат» клубының барлық студент-спортшыларын  қолдайтынын атап өтті.

«Бұған дейін министрлік Темірлан Анарбековке (ол үш пенальтиді қайтарды!!!) және Дастан Сатпаевқа Алғыс хаттар табыстаған болатын. Бұл жігіттер «Қайрат» командасының Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуы үшін бар күш-жігерін салды. Өкінішке қарай, алдағы ойындарға дайындыққа байланысты марапатқа тек Шерхан Қалмырза ғана қатыса алды. Қуана хабарлаймын: біз Темірлан Анарбековты 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақ спорт және туризм академиясының студенті болуға шақырдық», - деді министр.

Министрлік бұған дейін «Қайраттың» тағы бір қақпашысы Шерхан Қалмырзаға академия ректорлық грантын табыс еткен болатын. Ал жас футболшы Дастан Сатпаевқа Алғыс хат берілді.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →