×

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері отставкаға кетеді

Мұндай ақпаратты сенімді дереккөз мәлімдеді

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері отставкаға кетеді
sports24.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Қайрат Сағадиев қызметінен кетуі мүмкін. Мұндай ақпаратты Qaz365.kz сайтының сенімді дереккөзі мәлімдеді. Париж Олимпиадасынан сырт қалған, қыркүйекте Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионатынан құралақан оралған қыздар командасында қандай өзгерістер болып жатыр? Тарқатып айтамыз.  

Қайрат Сағадиев өз бапкерлік мансабында ұлттық құрама тізгінін екі рет ұстады. Алғаш рет  2015 жылы бас бапкерлік міндетті мойнына алған ол 2018 жылға дейін табысты еңбек етті. Рио Олимпиадасында Сағадиевтің жетекшілігімен Қазақстан әйелдер құрамасы 3 медаль жеңіп алған болатын. Кейін отандық федерация басшылары Қайрат Сағадиевті  қайтадан таққа әкелді. Ол 2021 жылдан бастап бүгінге дейін әйелдер күресінен Қазақстан командасын жаттықтырып келді. Алайда, бұл жолғы нәтиже жыл санап құлдырай берді.  

Соңғы 4 әлем чемпионатында әйелдер күресінен жалғыз Жәмила Бақбергенова ғана жүлде әкеліп жүрді. Ал биыл Загребте (Хорватия) өткен әлем біріншілігінде Бақбергенова шынтағының жарақатына байланысты жүлдеден алыс қалды. Ал ел намысын қорғаған қалған балуан қыздардың барлығы бірінші айналымнан аса алған жоқ.  

Негізі, Қайрат Сағадиевті көпшілік Париж Олимпиадасынан кейін отставкаға кетеді  деп ойлаған. Оған әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының Париж Олимпиадасына бірде-бір жолдама алмауы себеп болды. Бірақ бұл сәтсіздік де Сағадиевті орнынан ығыстыра алған жоқ.  

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының команда жетекшісі Жасұлан Жәмиев осы жағдайға қатысты арнайы пікір білдірді.  

«Әйелдер күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сағадиев қызметінен кетеді деген сыбыс бар. Мұндай әңгіме команда деңгейінде айтылып жатыр. Бірақ жұмыстан босатылғаны туралы бұйрық әлі шыққан жоқ. Егер ресми бұйрық шыққан жағдайда, біз комитет пен министрлікті хабардар етеміз», - деді Жәмиев.  

Бір қызығы, еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мадияр Құрамысов та қызметінен кетті деген сыбыс бар. Бұл ақпаратты растау үшін ресми орындарға сауал жолдадық.  

Ал бізге сенімді дереккөздің мәліметінше, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорттық федерациялардың басшыларын қатал сынға алған соң, күрес федерациясында үлкен өзгерістер болмақ.  

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ал финалда кездескен Нұрсұлтан Алтынбек өзінің шеберлігімен көзге түскен
Әңгіме Mercedes-Benz AMG GLE маркалы автокөлік туралы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →