×

Рахмонов Тоқаевпен кездесуі жайында: Бұл - мен үшін үлкен абырой

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады

Рахмонов Тоқаевпен кездесуі жайында: Бұл - мен үшін үлкен абырой
Ақорда

 

Мемлекет басшысы аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Президент даңқты спортшыны таяуда Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты.

Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

“Өте қарапайым кісі екен. Өткенде де, Наурыз мейрамында құттықтап, арнайы қарсы алатынын айтқан болатын. Бүгін бетпе-бет сөйлесіп, жақыннан таныстық. Кездесу өте керемет өтті. Басшымен кездесу – мен үшін үлкен абырой”, – деді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды
Кеше, 22:11

«Бір айтқанды орындамайтын адаммен жұмыс істемеймін». Бақтияр Артаев қарамағындағыларға ультиматум қойды

Ол өз сөзінде спорт нысандарында қарапайым жуынатын бөлмелерді жөндеуге немқұрайлы қараған басшылардың да жұмысын сынға алды.
«Тараз» клубы – Жамбыл жұртының сенімі мен мақтанышы.
Қазір Сабыржан Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында жаттығып жүр.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →