×

Қазақстандағы футбол клубтары 2-3 жылда жекеменшікке өтеді – ҚФФ

Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді

Қазақстандағы футбол клубтары 2-3 жылда жекеменшікке өтеді – ҚФФ
Pixabay

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) елдегі кәсіби футбол клубтарын 2–3 жыл ішінде толық жекеменшікке өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚФФ Кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр «Түйін» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Биылдың өзінде төрт футбол клубы жеке инвесторлардың қарамағына өтеді. Күні кеше ғана Қызылорданың «Қайсар» клубы кәсіпкерге берілді. Инвестор екі жыл ішінде 12 миллиард теңгеге жаңа футбол академиясын салуды міндетіне алды. Бұл — ең алдымен балалар футболы мен бапкерлер дайындығын дамытуға бағытталған жоба. Уақыт өте барлық өңір осындай жолға көшуі керек. Менің ойымша, екі-үш жылда клубтарды толықтай жекеменшікке өткізу қажет. Инвесторларға клуб иелену үшін барлық жағдай жасалған», – деді ол.

ҚФФ мәліметінше, қазір елде 32 кәсіби футбол клубы бар, оның 35%-ы жекеменшікке тиесілі.

Жекешелендіру процесі аяқталған соң, клубтардың басқару жүйесі түбегейлі өзгереді.

«Жеке инвесторлар келген кезде басты мақсат — нәтиже мен табыс болады. Бұл өз кезегінде футбол жүйесін жаңа деңгейге шығарады», – дейді Пазылхайыр.

Федерация өкілінің айтуынша, ҚФФ 2025–2030 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын әзірлеген. Онда 11 негізгі бағыт қамтылған, ал басты мақсат – 2030 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне өту.

Былтыр ҚФФ ел аумағындағы жарыстарды ұйымдастыру құқығын қайта алған. Сонымен қатар, «Қайрат» футбол клубы келесі жылы УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетуге дайындалып жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде
Кеше, 16:58

Астанада Наурыз мейрамы аясында жасанды интеллект арқылы ұлттық ойындар өтуде

Жасанды интеллект қолдану арқылы дәстүрлі садақ ату, тоғызқұмалақ ойыны, қошқар көтеру сынды ұлттық ойындар өтуде.
Облысқа қарасты 7 ауданда да ұлттық спорт түрлерінен 161 бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды
Қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік, стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →