×

«Қайрат» Копенгагенде тартысты ойында жеңіліп қалды

«Қайрат» Копенгагенде тартысты ойында жеңіліп қалды
Қайрат футбол клубы

Алматылық «Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші турындағы ойында Данияның «Копенгаген» командасынан 2:3 есебімен жеңілді. Матч Копенгаген қаласында өтті,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

Даниялықтар сапынан Виктор Дадасон, Джордан Ларссон (пенальтиден) және Роберт Силва бір-бір голдан соқты. Ойын соңына қарай қазақстандықтар да қарымта шабуыл ұйымдастырып, Дастан Сатпаев пен Олжас Байбек бір-бір голдан соғып, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда ойын нәтижесі «Қайраттың» пайдасына шешілмеді. Осылайша бес тур қорытындысы бойынша алматылық клуб төрт жеңіліс пен бір тең есеппен турнир кестесінде 35-орында тұр.

Кестенің жоғарғы бөлігінде «Арсенал» барлық матчта жеңіске жетіп көш бастап келеді. Одан кейін ПСЖ, «Бавария», «Интер» және «Реал Мадрид» командалары орналасқан. Ал ешбір ұпай жинай алмаған «Аякс» соңғы орында.

Келесі, алтыншы тур ойындары 9 және 10 желтоқсанда өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Токаев Головкинді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтады
23.11.2025ж. 18:44

Токаев Головкинді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтады

Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға
Академия 2027 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде
Әлем чемпионатына дүниежүзінің 21 мемлекетінен тоғызқұмалақшылар келді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →