×

«Қорытынды жасауға ерте»: Вице-министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді

«Қорытынды жасауға ерте»: Вице-министр Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікір білдірді
janibek_alimkhanuly/Instagram

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғаннан кейін жекпе-жегі тоқтатылған Жәнібек Әлімханұлының жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вице-министрдің айтуынша, спортшы мен оның командасы қазіргі уақытта министрлікпен байланыста және өздерінің кінәсіздігін дәлелдеуге ниетті.

«Біз оның өз атын тазартуға деген талпынысын қолдаймыз. Жәнібекке сенеміз және уәкілетті антидопинг ұйымдары бұл жағдайды әділ әрі толық зерттейтініне сенімдіміз. Қазір қандай да бір қорытынды жасауға ерте», – деді Серік Жарасбаев.

Ол сонымен қатар жоспарланған жекпе-жектің ресми түрде тоқтатылғанын растады.

«Факт бар. Жекпе-жек өтпейді. Енді бәрі ресми тергеу нәтижесіне байланысты болады», – деп мәлімдеді вице-министр.

Жарасбаевтың айтуынша, қазір Жәнібектің қарсыласы немесе спорттық көрсеткіштері емес, ең бастысы – допинг-тест нәтижесінің нақтылығы мен әділ тексерілуі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →