Алматыда Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, ұйымға жаңа басшы сайланды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Федерацияны 2021 жылдан бері басқарған Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов жиын барысында президенттік қызметтен кететінін жария етті.
Делегаттар дауыс беру нәтижесінде федерацияның жаңа президенті ретінде “Қазақ күресі” қауымдастығының бірінші вице-президенті Еркін Оқасовты таңдады.