Грекияның «Олимпиакос» клубының бірнеше жанкүйері матч өтетін жерді шатастырып, Астанаға емес, Алматыға ұшып келген. Бұл туралы алматылық жанкүйерлердің бірі әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Айтуынша, қонақ жанкүйерлер қателескендерін ұшақтан түскеннен кейін ғана түсінген. Енді олар жедел түрде елордаға жетуге тырысып жатыр.
«Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы Чемпиондар лигасының ойыны 9 желтоқсанда Астанада өтеді. Матч сағат 20:30-да басталады.
Қазіргі таңда жалпы кезеңнің турнирлік кестесінде «Кайрат» бір ұпаймен 35-орында, ал «Олимпиакос» екі ұпаймен 33-орында тұр.