Алматыда Minimarathon.Kz ұйымдастыратын дәстүрлі жаңа жылдық отбасылық костюммен жүгіру жарысына тіркелудің аяқталуына небәрі бір апта қалды. Бұл – жыл соңындағы ең көңілді әрі әсерлі спорттық шаралардың бірі, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Биылғы бағдарлама бұрынғыдан да мазмұнды болмақ. Қатысушылар мен қонақтарды серіктестер ұсынған балалар мен ересектерге арналған интерактивтер, Аяз атаға хат жазу аймағы, естелік фотосуреттер, тақырыптық ойындар және мерекелік тосынсыйлар күтеді. Әрбір мәрешіге арнайы естелік медаль табысталып, ең креативті қатысушылар «Үздік костюм» номинациясымен марапатталады.
Жарыс Алатау ауданы әкімдігі мен еліміздің ірі құрылыс компаниялары – BI Group, Bazis-A және Sensata Group қолдауымен өтеді. Осы серіктестік арқасында қатысушыларға ерекше мүмкіндік берілді: барлық слоттарға 70% жеңілдік қарастырылған. Жеңілдікті алу үшін minimarathon.kz сайтында тіркелу кезінде ALATAU70 промокодын енгізу жеткілікті.
Қатысушылар 2026 метрлік символикалық қашықтықты жүгіріп өтіп, жаңа жылды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алады. Биылғы жарысқа 1500 орын бөлінген, тіркелу 18 желтоқсанға дейін жалғасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарысқа ерекше қажеттіліктері бар балалар, Meiirim оңалту орталығының тәрбиеленушілері, сондай-ақ Астанадан «Жанасу – Прикосновение» қорының қатысушылары да қатысады.
Жарыс күні: 2025 жылғы желтоқсан
Өтетін орны: Алматы қаласы, Алатау ауданы
Қатысу үшін: minimarathon.kz сайтында тіркелу қажет.